Алматыда қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай ұсталды


16/02/2024
13:42 8708 0

Фото: Азаттық радиосы

 

15 ақпанда Алматыда полиция қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбайды ұстады. Бұл жөнінде белсендінің өзі Twitter желісінде жазды. 

 

Оның жазуынша, полиция бейсенбі күні түнге сағат ондар шамасында үйінде ұстаған. Қазір онымен ешқандай байланыс жоқ. 

 

Ақылбек Мұратбайдың өзінің ұсталуын құқық қорғау белсенділігімен байланыстырады. Ол Өзбекстан билігі қарақалпақтарды қудалағаны туралы ақпарат таратқан. 

 

Freedom for Eurasia ұйымының жазуынша, Ақылбек Мұратбай Өзбекстан билігінің сұрауымен ұсталған болуы мүмкін. Ол «Өзбекстан билігінің конституциялық құрылымына нұқсан келтіру»«тәртіпсіздікке шақыру» баптары бойынша күдікке ілінген. Оны Өзбекстан полициясының өкілі Мұхамедим Баймұрзаев ұстаған, деп жазылғанұйым сайтында. Ұйым билікті белсендіні дереу босатуға үндеді.

 

Алматы полициясы әзірге белсендінің ұсталуына байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

 

Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан республикасында 2022 жылы шілдедегі ірі қантөгістен кейін Қазақстандағы қарақалпақ белсенділері қысымға шағымданған. 2022 жылы күзде бірнеше қарақалпақ белсендісі құқық қорғаушылардың айтуынша, Өзбекстан билігінің сұрауымен Қазақстанда ұсталған. Қазақстан олардың босқын мәртебесін беру туралы өтініштерін орындамады. Бір жыл қамаудан кейін олар жуырда күзде босап шыққан. Алайда құқық қорғаушылар Өзбекстан билігінің сұрауы әлі күшінде екенін, оларды экстрадициялауы мүмкін деп қауіптенеді. Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары ресми Астананы оларды елдеріне қайтармауға үндеп, олардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан.

Поделиться

Нет комментариев.

16/02/2024 13:42
8708 0

Уведомление